Экономика

Қазақстан Республикасы ұлт тық валютасының банкнот тары мен монеталарының төлемділігін айқындау

Қазақстан Республикасы ұлт тық валютасының банкнот тары мен монеталарының төлемділігін айқындау

Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау ҚРҰБ Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы №230 қаулысымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады. Аталған Қағида, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. Жалпы, төлем банкноттарына: заңды төлем құралы ретінде күшін жоймаған, айналыстан алынбаған және айналыстан алынатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген банкнот көлемдерінің 70%-нан кем емес, олардың номиналын білдіретін белгілерін сақтаған және елеусіз зақымдары бар, оның ішінде тозған түпнұсқа банкноттар жатады; төлем банкноттары – айналысқа жарамды, тозығы жеткен, айналыстан алынатын болып бөлінсе; төлем монеталарына: заңды төлем құралы болып табылатын, айналыстан алынбаған және айналыстан алынатын, бүліну сипатына қарамастан бет жағында, сырт жағында немесе қырында, сондай-ақ биколорлыққа жататын монеталардың (түрлі металдардан дайындалған екі және одан көп құрамдас бөліктерден тұратын монета) екі бөлігінде жазбаша немесе цифрлық белгілерін сақтап қалған түпнұсқалық монеталар, оның ішінде ақаулы (зақымданған) монеталар жатады және олар: айналысқа жарамды, ақаулы (зақымданған), айналыстан алынатын болып бөлінеді. Күнделікті өмірде көп жағдайда келесідей белгілері бар банкноттарды кездестіріп жататыным жасырын емес, мысалы: бояғыш заттар төгілген, бөгде жазбалары бар, жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері сөзсіз бір банкноттікі болып табылатын және бірге Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70% құрайтын банкноттар, банкнот бейнесінің жоғалуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар, от шалған және күйген, бірақ бұл ретте Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемінен кемінде 70% сақтап қалған және т.б. көптеген Ережеге сәйкес белгілері бар банкноттар – тозған банкноттар болып табылады және оларды қайта айырбастап алуға болады. Ал мынадай зақымдары бар монеталар: жаншылған, тесілген, майысқан, кетік, сынған, сырылған (механикалық өңдеуге (бедерлеуге) ұшыраған монеталарды қоспағанда), қышқылға күйдіріліп, қандай да бір металдар қосылған, жоғары температураның әсерінен зақымдалған, бастапқы түсін өзгерткен, бірақ бет жағында, сырт жағында, қырында жазбаша немесе цифрлық белгілерін сақтаған монеталар ақаулы (зақымданған) монеталар болып табылады – және бұларды да қайта айырбастап алуға болады. Айта кету қажет, уәкілетті банктерге келіп түскен төлемге арналған тозған банкноттар, ақаулы (зақымданған) монеталар сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді, Ұлттық Банктің филиалдарына беріледі және айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбасталады. Уәкілетті банктер тозған төлем банкноттары мен ақаулы (зақымданған) монеталарды барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін шектеусіз қабылдайды. Заңды төлем құралы болып табылмайтын банкноттар мен монеталарға: заңды төлем құралы күшін жойған банкноттар мен монеталар; қолдан жасалған банкноттар мен монеталар; төлеуге жарамсыз банкноттар мен монеталар; ақаулы банкноттар мен монеталар жатады. Айналыстан алынған, сондай-ақ жарамсыз ету үшін тесілген банкноттар мен бедерленген монеталар заңды төлем құралы күшін жойған банкноттар мен монеталар болып табылады. Ұлттық Банктің айналыстан алу туралы шешімінің негізінде заңды төлем құралы болуын тоқтатқан ескі үлгідегі банкноттар мен монеталар айналыстан алынған банкноттар мен монеталар болып табылады. Ұлттық Банк айналысқа шығарған, бірақ банкноттың номиналын өзгертетін жапсырмасы бар, сурет салынған немесе мәтін немесе сандар басылған банкноттар қайта жасалған банкноттар болып табылады. Қолдан жасалған белгілері бар банкноттар мен монеталарға түпнұсқама болып табылмайтын және кез келген тәсілмен түпнұсқалық банкноттар мен монеталардың сыртқы түріне ұқсас етіп көрсететін банкноттар мен монеталар, сондай-ақ бір фрагменті жалған болып табылатын бірнеше фрагменттен тұратын банкноттар жатады. Қолдан жасалған банкноттар мен монеталар айырбасталуға, клиентке қайтарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілуге тиіс. Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, азаматтарға нарықта, дүкендерде және т.б. жерлерде қолма-қол ақшамен есеп-айырысу кезінде аса сақ болулары қажет. Ұлттық валюта банкнот және монеталардың төлемділігін айқындау бойынша туындаған барлық сұрақтармен, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөліміне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137 үй немесе 45-17-09, 99-93-41 (ішкі 2832, 2887, 2834). Амина ОМАРОВА, Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бас маман-экономисі.