- Advertisement -

Ең бастысы — өзгерістерге тез бейімделуге ықылас танытуымыз керек

44

- Advertisement -

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапалық деңгейіне байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артылады. Сонымен қатар қойылатын талап та жоғары. Бұл саланы таңдағандар жұрт алдындағы мәртебесіне сын келтірмеуі тиіс.

Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметті жетілдірудің жолдары мен қызметшінің қандай талаптарға сай болуы керектігі нақты көрсетілген. Бүгінде осы бағдарламада көрсетілген міндеттерге орай көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Заман талабына сай кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – өзекті мәселелердің бірі. Дәл осы сала сыбайлас жемқорлыққа аса бейім болғандықтан, уақыт талабына сай азаматтарға ұсынылар қызметті автоматтандыру – аса маңызды. Атап айтсақ, қызмет көрсетуде қазіргі заманғы технологияларды пайдалану қажет. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі Электрондық үкімет порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылуы – еліміздің зор жетістігі деп айта аламыз.
Бұл саланы дамытудың негізгі бағыты – смартфон арқылы сұранысқа ие көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін арттыру. Ол үшін жаңа жүйенің қызметін қалай қолдану керектігін азаматтарға үйретіп, оқыту қажет. Мысалы, агенттік 10 минут ішінде азаматтың проблемасын шешуге мүмкіндік беретін «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын іске қосты. Оның көмегімен 2 мыңға жуық шағым шешілді. Алдағы уақытта бұл жұмысты жетілдіру көзделіп отыр.
Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын одан әрі іске асыру шенеуніктердің азаматтармен байланысын барынша азайтатын және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететін Электрондық үкімет қызметтеріне және басқа да цифрлық сервистерге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді саясаттың базалық элементтері – мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануы дер едім. Мұнда да белгілі бір нәтижелер бар. 230-дан астам мемлекеттік орган «ОPEN SPACE» кеңселерінде жұмыс істеуге көшті, бұл қызметтік алаңдарды оңтайландыруға және айтарлықтай үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер де ашылуда. Біздің ойымызша, мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту дәл осылай жүзеге асырылады. Ең бастысы, өзгерістерге тез бейімделуге ықылас танытып, ерік білдіру.
Мемлекеттік қызметкер ең бірінші өзі қоғамға үлгі болуы тиіс. Оның сауаттылық деңгейі жоғары болуы керек. Сонымен қатар цифрлық технологияларды жақсы меңгеріп, жаңашыл болғаны дұрыс. Бүгінде бұл бағытта да оң үрдіс байқалады. Мәселен, қазіргі кезде Әдеп кодексін бұзып жүрген қызметкерлер қатары едәуір азайды. Көпшілігі ашықтық, жариялылық принциптерін ұстанатынын айқын көрсетуде.
Мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін арттыруда олардың кәсіби біліктілігін арттыру қашанда назардан тыс қалған емес. Өңіріміздегі мемлекеттік басқару академиясында біліктілік көтеру курстарында жылына 1000-1500 адам білім алады. Бұл – облысымыздағы мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызға жуығы қамтылып отыр деген сөз. Сонымен қатар қызметкерлерді меритократия принциптері негізінде алға қарай жылжыту жұмыстары да бір жүйеге түсе бастады.
Кез келген мемлекеттік қызметкер жұмысында қандай да бір әділетсіздікке тап болса, менің өзіме тікелей хабарласып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ақыл-кеңес алуларына болады. Жұмысында келіспеушіліктер, басшысымен екеуара түсініспеушіліктер орын алған жағдайда да маған тікелей хабарласса, тиісті бағыт-бағдарын беруге әзірмін.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ,
мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support