- Advertisement -

Ерке Есілдің бойын ен жайлаған еліміз бар

40

- Advertisement -

Астанадағы
әлеуметтік ахуал

Бүгінде ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының саны 1 миллионнан асты. Сарапшылар болашақта елордалықтардың қатары бұдан да арта түседі дейді. Сондықтан қаланың болашағын әлеуметтік-экономикалық жағдайын қазірден нақты жоспарлап, түйткілдерімен қатар, дамуға бастайтын мүмкіндіктерін де қоса ескеруіміз керек.

Сапа және қолжетімділік

Бүгінде тұрғын үй нарығындағы маңызды нәрсе сапа және қолжетімділік екені белгілі. Бұл ретте соңғы 3 жылда ел астанасындағы бастапқы нарықтағы пәтерлердің бағасы шаршы метріне 355,5 мыңнан 324,1 мың теңгеге, яғни 9 пайызға төмендегенін айтуымыз керек.
2017 жылы ел астанасында 2,36 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның ішінде 7 тұрғын үй кешенінің құрылысы мемлекеттік қаржыландыру көздері арқылы бөлінгенін айта кеткен жөн. Соның арқасында 1 062 отбасы қоныс тойын тойлады. Былтыр 2,37 миллион шаршы метр тұрғын үйдің, яғни 23 460 пәтердің құрылысы жүргізілді. Ал биыл елімізде жүргізіліп жатқан жаңа әлеуметтік саясат бұл көрсеткішті де тарих тасасында қалдыруы мүмкін.

Қоғамдық кеңістік

Жыл өткен сайын ел астанасы – Нұр-Сұлтан туристік қалаға айналып келе жатқандай. Бұл – шаһарда бой түзеген архитектуралық ескерткіштер мен көптеген қоғамдық демалыс орындарының көбейгенінің көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда елорда бүгінде әлемнің көптеген қалалармен бәсекелес бола алады.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 10 саябақ, 4 бульвар, 95 сквер бар. Келушілердің көңілін жаулаған қоғамдық демалыс орындарының алтауы 2017 жылы ашылған. Тағы бір айта кететіні, 9 нысан қаладағы апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлердің орнына салынған.
Елорданың жасыл оазисі – ботаникалық бақ. Бұл аумаққа 36 мың тал-дарақ отырғызылып, жасанды тоған жасалды. Сонымен қатар 42 мың шаршы метрге веложол, 23 мың шаршы метрге жүгіру жолағы салынды.

Жасыл белдеу – экологиялық шешім

Табиғатты қорғаудың басты бағыттарының бірі – ауаның тазалығы. Ал «жасыл белдеуді» көбейту – бұл мәселенің түпкі шешімі. Сондай-ақ қоғамдық көліктерді газмоторлы отынға ауыстыру да аса маңызды.
Бүгінде қалада 158 «эко-такси» жұмыс істейді. Сонымен қатар 14 мың жеке автокөлік газмоторлы отынға ауыстырылған. Евро – 5, Евро – 6 класты 738 қоғамдық көлік бар. Ал былтырдан бастап велокөлікті дамыту жолдары қарастырылуда. Алдағы уақытта 1717 шақырым веложол салу көзделуде.
Экологиялық қауіпсіздіктегі басымдық қалдықтарды жою екені белгілі. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 1842 контейнер алаңында 10477 қоқыс салатын үлкен жәшік орнатылған.
Қоршаған ортаны қорғаудың тағы бір тиімді жолы – жеке секторды және қаланың үлкен ғимараттарын жылыту жүйесін газды отынға ауыстыру. Бүгінде Назарбаев университетінің ғимараттары, Ғарыштық орталық және Қорғаныс министрлігінің академиясы сұйытылған газбен жылыту жүйесіне көшірілген. Бұл тізімге спорттық кешендер де қосылуда.
Жаңа жылыту жүйесінің тағы бір стансасы қала маңындағы, Тельман тұрғын үй алабын және Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайын қамтыған. Алдағы уақытта «Сарыарқа» құрылыс магистралі іске қосылса, елорда толықтай газдандырылатын болады.

Халықтың ахуалын көтеретін экономика

Елорданың заманауи экономикасы – бұл жаңа индустрия ғана емес, сондай-ақ 106,5 мың адамды жұмыспен қамтыған кең ауқымдағы шағын және орта бизнес саласы. Қаланың экономикалық өсу моделі кәсіпкерлікті дамыту арқылы және экономика, салық базасын кеңейту жолымен сапалы жұмыс орындарын құруға бағытталған. Өйткені олар әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте елорданың әрбір тұрғыны қаланың экономикалық моделіндегі өзінің мәртебесі мен келешегін нақты түсіну үшін цифрландырудың оның жұмысына қалай әсер ететінін көруі тиіс.
Елордада өткен жылдың қорытындысында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 601,7 миллион теңгені құрады. Өнімді шығарумен айналысатын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны – 2 275 бірлік. Өндірілген өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің жалпы көлемі 3 498,6 миллиард теңгеге жетті.
Жеке инвестициялардың динамикасы өсіп келеді. 2013 жылы олардың үлесі 46 пайызды құраған болса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 70 пайызға жетті. Ал сыртқы инвестициялар жыл ішінде 3 еседен астам өскенін көрсетіп отыр.
Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылға дейін 900 жаңа нысан іске қосылады деп жоспарлануда. Атап айтсақ, 550 коммерциялық тұрғын үй, 270 өнеркәсіптік нысан мен өндірістік база, 11 жаңа базар, 50 қонақ үй мен мейрамханалар, 14 медициналық және білім беру орталықтары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support