Жауқазын
Жауқазын
Сұлу қалам
Мен өзіңде туып едім, Сені елдіктің туы дедім. Көздің жауын алатұғын Неткен көркем, сұлу едің! Иә, көне қаласың сен, Алға беттеп барасың сен. Қонақтардың жүрегін де Бірден баурап аласың сен. Асыл дос Қиын шақта табылатын қасымнан, Бар ма өмірде достан асқан асыл жан. Ұқсағым кеп тұрар оның өзіне. Мейірімін балаймын күн көзіне. Әкеме Әкешім, асқар тауым, Жайқалған бақша-бауым. Толқыған мөлдір көлім, Көгілдір ашық көгім. Құшағы кең даладай, Көңілі жас баладай.
Назерке БИДАЙБЕКОВА, № 32 мектептің 7-сынып оқушысы.
Тараз қаласы.