Әлеумет

Гүлназ Астанадағы байқауға қатысады

Гүлназ Астанадағы байқауға қатысады

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» және орталықтың аудандық бөлімшелерінің қазақ тілі оқытушыларының арасында облыстық байқауы болып өтті.

Ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтардың ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, марапаттау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға орталықтың және аудандық бөлімшелерінен барлығы 6 оқытушы қатысты. Барлығы 3 кезеңнен тұратын байқау қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы Гүлназ Кенбаева І дәрежелі дипломмен, орталық оқытушысы Әлия Тілеубаева ІІ дәрежелі дипломмен, Байзақ аудандық бөлімшесінің оқытушысы Гүлнар Оразбекова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Айгүл Бохшиева, Нағима Тазабекова, Камила Пірмен алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпазы Гүлназ Кенбаева Астана қаласындағы Тіл комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Динара Көбеева, «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» аға оқыту әдіскері.