ҚР Қорғаныс министрі ресейлік әріптестерімен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту жайын талқылайды
ҚР Қорғаныс министрі ресейлік әріптестерімен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту жайын талқылайды
Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Мәскеуге аттанды. Сапар аясында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссияның, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, «Ростехнологии» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесулер жоспарланған. Келіссөздерде әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, ҚР мен РФ қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту, екі ел қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады. Сапар барысында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы екінші «ОБОРОНОЭКСПО-2014» қару-жарақ, технологиялар және инновациялар көрмесіне барады. Соныман қатар, С. Ахметовтің «Танк биатлоны-2014» халықаралық жарысының финалдық бөлігіне қатысуы жоспарланған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz