- Advertisement -

Кәсіпқой боксшымыз Канадада жұдырықтасады

37

- Advertisement -

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Нұрзат Сабыров пен Аман Қазанғапов алдағы 30 маусым күні Канаданың Тетфор-Мине қаласында шаршы алаңға шығады. Дәл осы күні еліміздің кәсіпқой бокстағы мақтаныштарының бірі – Садриддин Ахмедовтің де жұдырықтасатыны айқын болып отыр.
Аталған бокс кешінде бірінші орта салмақ дәрежесінде бағын сынап жүрген С.Ахмедов мексикалық Даниел Вега Катомен қолғап түйістіреді. Даниелдің жасы 33-те. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Садриддиннің сәтті өнер көрсететініне сенімдіміз.
Екінші орта салмақ дәрежесінде еліміздің намысын қорғайтын Нұрзат Сабыров өзінің оныншы жекпе-жегін өткізуге тас-түйін дайын. Оның қарсыласы – 31 жасар мажарстандық боксшы Ласло Тот. Екеуі сегіз раундқа дейін жұдырықтасады деп күтілуде.
Сондай-ақ орта салмақтағы боксшы жерлесіміз, 19 жасар Аман Қазанғапов кәсіпқой бокстағы алғашқы бәсекесін Канадада өткізбекші. Ол 26 жастағы мексикалық боксшы Исмаэль Молино Мореномен жұдырықтасады. Бұл кездесу бар-болғаны 4 раундқа жоспарланған. Алғашқы жекпе-жегі екеніне қарамастан Аманның ойдағыдай өнер көрсететініне күмәніміз жоқ. Аталған бокс кеші 30 маусым күні «Хабар» телеарнасынан таңғы 7.00-де көрсетіледі.

 

 Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support