Жаңалықтар

«Егер жүзе алмасаң...»

«Егер жүзе алмасаң...»

Біреу маңғыстаулық айтыс ақыны Нұрлан Мұсаевтан: – Теңіздің суы қанша шелек болады? – деп сұрапты. – Теңіздей үлкен шелек болса, бір-ақ шелек су болады, – депті Нұрлан. – Теңіздің суын ішіп көруге бола ма екен? – деп сұрапты әлгі адам. – Егер жүзе алмайтын болсаң, ішесің ғой, – деген екен сонда ақын.