Саясат

Президент қорғаныс және ішкі істер министрлерінің орынбасарларын тағайындады

The final spritzer

Президент қорғаныс және ішкі істер министрлерінің орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс және ішкі істер министрлерінің орынбасарларын тағайындады. Ақорда сайтында хабарланғандай, Президент Өкімдерімен: Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. ҚР Үкіметі құрылымында реформа жүргізілгенге дейін В.Божко  төтенше жағдайлар министрі, ал Н.Сауранбаев - индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болған еді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz