Саясат

ҚР бірқатар министрліктерінің жауапты хатшылары тағайындалды

The final spritzer

ҚР бірқатар министрліктерінің жауапты хатшылары тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен бірқатар министрліктердің жауапты хатшылары тағайындалды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Данияр Валерьевич Вагапов  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды; бұрынғы атқарған қызметтерінен босатыла отырып: Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz