Әлеумет

Тараздың орталық алаңында жастар заманауи би және әзіл сайысына түсті

Тараздың орталық алаңында жастар заманауи би және әзіл сайысына түсті

Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы Тараздың  «Достық» орталық алаңында көңілділер мен тапқырлардың «Stand up Comedy Battle», сондай-ақ заманауи бишілердің «ВООМ-ВООМ-2014» атты фестивалін өткізді.

Жастар «брейк», «хаус», «хип-хоп», «локинг» би түрлерінен жарысқа түсті, - деді жастар саясаты басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев.

Бірінші кезеңде 24 өтініш білдірушілер «үй тапсырмасын» көрсетті. Екінші кезеңде қазылар шешімімен қатысушылардың жартысы ғана қатысты. «Баттл» және «заманауи би» номинациялары жеңімпаздарын әділқазылар алқасы анықтады.

Фестиваль қатысушылары күрделі тәсілдерді орындауда шеберлік танытты. Сөз жарыста өзекті жаңалықтар мен қазіргі өмірде болып жатқан құбылыстарды сөз етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты - жастардың көңілді уақыт өткізуі, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау, дарынды жастарға қолдау көрсету. Бұдан басқа, би өнері мен сөз сайыстары барысында ұйымдастырушылар өңірдің ең дарынды әзілкештер мен бишілерді анықтады.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, сертификаттар мен бағалы жүлделер табысталды. «Stand up Comedy Battle» үздігі жамбылдықтардың сүйікті «Шу-Чу»  КТК командасы атанды. Үздік хипхоперлер де «Шу-Чу» командасынан шықты.

Шараға Тараз дәне облыс аудандары командалары, жастар қоғамдық ұйымдары, қала тұрғындары жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz