Қазақстанда алты айда жеңіл автокөлік өндірісі 7,4 пайызға артқан
Қазақстанда алты айда жеңіл автокөлік өндірісі 7,4 пайызға артқан
Қазақстанда 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында 20 мың 727 дана жеңіл жолаушылар автокөлігі шығарылған. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды. «Аталған көрсеткіш 2013 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 7,4 пайызға артық. Сонымен қатар, есепті кезеңде республикада 1 мың 80 дана жүк көліктері шығарылды. Бұл көрсеткіш те өткен жылғы кезеңге қарағанда 2,5 пайызға артық», - делінген баспасөз баянында. Бұдан бөлек, елімізде қаңтар-шілде аралығында өңделмеген болат өндіру көлемі 2 млн. 238,724 мың тоннаны құрап, былтырға қарағанда 17 пайызға артқан. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, есепті кезеңде елімізде ферроқорытпалар 980,482 мың тонна шығарылып, көрсеткіш 1,4% пайызға жоғарылаған.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz