Британияда алғашқы клондалған күшік пайда болды
Британияда алғашқы клондалған күшік пайда болды
Лондон тұрғыны Ұлыбританиядағы алғаш клондалған иттің иесі атанды. Мини-Винни атты Такса тұқымды күшік 12 жастағы Винни есімді иттің тері клеткаларынан клондалып шығарылған. Клондау жұмыстары Оңтүстік Кореяның зертханаларының бірінде жасалған. «Винни – менің сүйікті итім. Ал, оның клеткасынан клондалған Мини-Винни атты күшік екеуі өте ұқсас. Бірдей уақытта ұйықтайды, таңертең бір уақытта тұрады», – дейді 29 жастағы келіншек. Итті клондау 90 мың доллар тұрады екен, бірақ тұрғын бұл ақшаны төлемепті. Ол арнайы конкурс барысында осы мүмкіндікті жеңіп алған.