Журналист Диего Марадонаның әйеліне көз қысқаны үшін таяқ жеді
Журналист Диего Марадонаның әйеліне көз қысқаны үшін таяқ жеді
Аргентинаның даңқты футболшысы Диего Марадона журналисті бетінен шапалақпен салып жіберді. Футболшы ұлы Диего Фернандо және оның анасы Вероника Охеда үшеуі театр қойылымын тамашалап, қайтып бара жатқан жолында журналистердің «қоршауында» қалған. Сұхбат алу кезінде репортерлердің бірі футболшының әйеліне ымдап, көз қысқан. Осы сәтті байқап қалған Марадона журналисті шапалақпен беттен салып жіберген. Бұл Марадонаның алғашқы оқиғасы емес. Былтыр мамыр айында ол бірнеше журналиске қол көтеріп, артынан аңдыған фотографтарға тас лақтырған болатын.