Су асты туннелі
Су асты туннелі
Норвегия құны 47 миллиард доллар болатын ғасырдың ғажайып жобасына кірісті. Автомобиль жолы салынатын су асты туннелі 1200 шақырымды құрайды. Бұл шамамен Тараздан – Астанаға дейінгі арақашықтық. Біз жер бетіндегі жолды жөндей алмай жүргенде жұрт теңіздің астымен жол салуда. Туннель әлемдегі ең терең су асты автомобиль жолы болады. Яғни 400 метр тереңдікте орналасады. Себебі үстінде кемелердің де жүруіне қолайлы. Су асты туннелі арнайы тросстардың көмегімен асылып тұрады. Қауіпсіздік шарасы да жоғары деңгейде болмақ. Туннель ішінде әр 500 метр сайын телефон мен бейнебақылау камерасы қойылады. Норвегия үшін мұндай қымбат жоба не үшін керек болды? Оның басты себебі, Скандинавия аймағындағы қиын шатқалдар мен жол жүруге ыңғайсыз таулардың көп болуы. Бұл елдің бір шетінен екінші бөлігіне жету үшін қиындық туғызды. Қыста да ауа райы қатал. Сондықтан ежелден теңіз халқы норвегтер үшін су асты ыңғайлы болған сыңайлы. Жоба толығымен 2035 жылы аяқталады деп күтілуде.
Айбол Қарашев.