Денсаулық

Жәндіктердің «қонақ үйі»

Жәндіктердің «қонақ үйі»

Швецияда арнайы құрылғыда бал арасы мен бау-бақша зиянкестерімен қоректенетін жәндіктер орналаса алады. Аталмыш «мейманхананың» аумағы 20 шаршы метрге жетеді. Бұл «қонақ үйдің» 400 нөмірі, яғни, «бөлмесі» бар. Екінші қабатта «асханасы» орналасқан: аралар мен жәндіктерге арналған түрлі өсімдіктер мен гүлдер өсірілген. Жәндіктерге арналған «қонақ үй» құрылысына сабан, бамбук, жүн, кірпіш, т.б. пайдаланылған. Бұл жәндіктерге арналған алғашқы «қонақ үй» емес, өткен жылы Нидерландыда да ашылған еді. Мұндай «қонақ үйлер» өз кезегінде сол маңдағы зиянкестерді жолатпауға көмектеседі. Зиянкес жәндіктермен биологиялық күрес осылай жүргізіледі.