Басты жаңалық

Қытай 2014 жылдың соңында Жерге өзі оралатын ай аппаратын іске қосады

Қытай 2014 жылдың соңында Жерге өзі оралатын ай аппаратын іске қосады

Қытайда өзі қайтып оралатын ай орбиталық аппаратын іске қосуға дайындалуда. Аппарат Бейжің қаласынан Сичан қаласының (Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуань провинциясы) әуежайына дейін жеткізілді. Ол жерден Сичан ғарыш айлағына тасымалданбақ. Ол ағымдағы жылдың соңына дейін ұшырылуы тиіс. Бағдарламада аппараттың екінші ғарыш жылдамдығына жақын (секундына 11,2 километр) жылдамдықпен ай орбитасына шығып, кейін Жерге оралуы қарастырылған. Экспериментальды аппарат «Чанъэ-5» Қытай ай зонтының модельдерінің бірі болып табылады. Оның міндеті – Айға қонып, Ай топырағының нұсқасын жинап, Жерге оралу.