Украина ақшасынан құн кетті
Украина ақшасынан құн кетті
Украинаның банкаралық валюта биржасында (УБВБ)11 тамызда АҚШ долларының құны шарықтады – 12,90 гривнаға тең баға бекітіліп, түс ауа ол көрсеткіш 13,10 гривнаға дейін жетті. Биржаның ақпараттары бойынша, Украина Ұлттық банкі айдың басынан бері үшінші рет валюта нарығына 12,61/12,70 грн/доллар деңгейіндегі екіжақты бағамен шықты. Алайда УҰБ қанша тырысқанымен, әрекет оң нәтиже бермеді. Гривнаның құнын нығайту үшін ұлттық банк үш айлық үзілістен кейін осындай өзгерістермен шығып отыр.