Алматы метросының жаңа стансалары 1 желтоқсанда ашылады
Алматы метросының жаңа стансалары 1 желтоқсанда ашылады
Алматы метросының «Мәскеу» стансасында сол жақ туннель жалғанды. Жұмысшылар «Сайран» стансасынан жердің астымен 825 метр жүріп шықты.
Алматы метросының құры-лысшылары екі стансадан тұратын бірінші іске қосу кешенінің ұзындығы 2,7 шақырым екенін айтты. Тереңдігі – 17 метр. Құрылыс екі стансада ашық әдіспен жүріп жатыр. Қазаншұңқырларда негізгі берік темірбетон құрастырмаларды салу аяқталды. Қазір стансалардың іші әрленіп, инженерлік желілер мен сәулет интерьері салынып жатыр. «Адамдар 1 желтоқсанда метроға мінетін болады», – деп уәде берді «Метропроект» жобалау институтының директоры Мұратбек Көлбаев.