- Advertisement -

Амалбек Тшанов: Қазақстанның Тәуелсіз ел ретінде қалыптасуында Елбасының еңбегі ерен

55

- Advertisement -

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Қазақстанның  әр жетістігінде Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегін көруге болады. Бұл ойымен Республикалық спорт колледжінің директоры, мемлекеттік қайраткер Амалбек Тшанов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Амалбек Тшанов 1990 жылы тұңғыш демократиялық сайлау болғанда Шымкент облысының атынан Мәжіліс депутаты ретінде сайланды. Сол сәттен бастап мемлекет қайраткері  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлымен жақынырақ таныса бастағанын айтады.

1991 жылы тұңғыш рет Президент сайлауы болған кезде Оңтүстік Қазақстан облысы атынан президенттің сенімді өкілі ретінде Амалбек Тшанов бекітіліпті.

 «Бұл кезде үлкенді де, кішіні де толғандырған мазаң уақыт болатын. Әлі күнге есімде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мәскеуге барып,  егемендікке байланысты көп істерге араласып жүрді. Осы мәселелерді шешу үшін Парламенттің Жоғарғы Кеңесінің қолдауы да керек болды. Біздермен келіп талқылайтын соның бәрін. Сосын Мәскеуге қайта ұшатын. Ол кісінің іскерлігіне сонда көзім жетті. Күнде алыс сапарларға ұшуы керек болды. Ол кісі сол кезде-ақ өте талантты басшы екенін дәлелдеді. Одан бұрын да сол кездегі болып жатқан бүкіл құбылыстардың барлығы да түсінікпен сауаттылықпен шешімін тауып жүрді», — деді Амалбек Тшанов.

Оның айтуынша, қазіргі Қазақстанның әрбір саладағы жетістігіне Елбасының ерен еңбегі сіңген.

«Қазір біз әлемге белгілі танымал ел болдық. Қай салада болмасын. Мен өзім спорт саласында қызмет істеймін. Қазақстан бірінші Олимпиадалық ойындардан  бері әлемге белгілі спорттан бренд мемлекетке айналып келеді. Соның барлығы Елбасының басшылығымен, сарабдал жолымен бітіп жатқан шаруа», — деді А.Тшанов.

Ол  шешімін оң тапқан келелі бір мәселе — Сарыарқаның төсінде Нұр-Сұлтан қаласының бой түзеуі екенін айтты.

«Астананы орталыққа көшіру мәселесі мен Жоғарғы Кеңесте жүрген кезде қойылды. Біздің астананы  Ақмолаға ауыстыру,  жаңа дербес қала салу туралы мәселе көтерілді. Сол бастаманың жемісін қазір көріп отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласы — саяси, мәдени, ғылыми орталықа айналды. Сонымен қатар, Қазақстан әлемге ұлтаралық татулығымен танымал. Мұнда көп ұлтты халық тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясын құруының өзі де кемеңгерлік пен көрегендіктің белгісі», — деді ол.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support