- Advertisement -

АН-2 ұшағының құлаған жерінен видео пайда болды 

23

- Advertisement -

Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егін алқаптарын химиялық өңдеу барысында АН-2 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан ұшқыш қаза тауып, екі экипаж зардап шекті. Апаттың себебі анықталуда. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Тергеу жұмыстары жүргізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Хабар 24» арнасы ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде түсірілген видео жариялады.

Еске салайық, Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады

«20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады», — деді Нұрахметов.

Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, осы дерек бойынша тергеу жүргізіледі.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support