Қоғам

ЖАС МАМАНДАР ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

ЖАС МАМАНДАР ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Жас мамандарды қызметке бейімдей отырып, қызығушылықтарын арттыру, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, ұлттық ойындарымызды ұлықтау мақсатында Тараздағы №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасында спорттық жарыс өтті. Оған №1, №2, №5 бөбекжай-бақшаларының жас мамандары қатысып, бақ сынасты. Қатысушылар ойын шарты бойынша алдымен өз топтарын таныстырып, асық ату, арқан тартыс, ханталапай, теңге алу сынды ұлттық ойындарымыздан өнер көрсетті. Жарыс барысында, сондай-ақ шапшаң мамандар анықталып, актерлік шеберліктері қоса сыналды. Ал №14, №2 балабақшаның қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы тартысты әрі қызықты өткен сайыстың қорытындысын шығарып, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады. Адина ИСАТАЙ.