Мемлекет басшысы Асқар Мырзахметовке сенім білдірді
Мемлекет басшысы Асқар Мырзахметовке сенім білдірді
Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясының күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі мемлекеттік басқару және аумақтық ұйымдастыру жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов Мемлекет басшысының жолдаған хатын оқып беріп, Асқар Мырзахметовке сенім білдіріп отырғанын жеткізді. Президенттен келген құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімі лауазымына Асқар Исабекұлы Мырзахметовтің кандидатурасын қарау ұсынылған. 34 мәслихат депутатының жиынға қатысқан 27-сі Мемлекет басшысының ұсынысына қолдау білдірді. Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Асқар Мырзахметовтің облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады. Өз кезегінде қызметіне қайта тағайындалған Асқар Исабекұлы Мемлекет басшысы мен мәслихат депутаттарының артқан сеніміне ризашылығын білдірді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.