- Advertisement -

Әбілхан Аманқұл жеңімпаз атанды

52

- Advertisement -

Бокстан 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл – болашағынан үміт күттіретін боксшы. Ол белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің қарамағында жаттығады. Әбілхан жарақатына байланысты биыл өткен Азия чемпионатына бара алмаған болатын.
Ұзақ емделуден кейін шаршы алаңға қайта оралған Әбілхан бабында екен. Ол жақында Атырау қаласында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған ХІ халықаралық турнирде 81 келіде жұдырықтасып, алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ бұл турнирде еліміздің бірнеше боксшысы чемпион атанды. Атап айтқанда 49 келіде Садай Фарзалиев, 52 келіде Олжас Байниязов, 56 келіде Айдос Арапов, 60 келіде Рустам Рустамов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Нұрқанат Райс, 91 келіде Абзал Құттыбеков, 91 келіден жоғары салмақта Нұрлан Сапарбай шын мықты екендіктерін дәлелдеді.

Eset Dosaly.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support