Жамбылда не жаңалық?

Шу

Шу

Спорт күніне орай Шу қаласындағы Сары Хасенов атындағы стадионда «Спорт тек дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар – тәрбие» атты жастар арасында кіші футболдан жарыс өтті. Ауданның әр округінен спорт бәсекесінде бақ сынасқан командалар арасында Төле би ауылының жастары озып шығып, 1-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, ойында үздік өнер көрсеткен «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушылар» да марапатталды.