Мойынқұм
Мойынқұм
Хантау цемент зауытына қажетті мамандар даярлау үшін биылғы жылғы жергілікті бюджеттен 1500,0 мың теңге қаражат қарастырылған болатын. Зауыт басшылығының сұранысына сай жуырда жұмыссыз жүрген 30 азамат 3 мамандық бойынша оқу курсынан өтіп, сертификаттар алды. Аталған мамандар вахталық әдіспен 15 күн практикалық, 15 күн теориялық тұрғыда Хантау цемент зауытының базасында білімдерін тереңдеткен. Бүгінде жұмысшылар арасында бір азамат өз мамандығы бойынша Ақбақай кен байыту комбинатына, тағы бірі Хантау цемент зауытына қабылданды.