- Advertisement -

Жанқош шаршы алаңға жеңіспен оралды

35

- Advertisement -

Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың шаршы алаңға көтерілмегеніне де біраз уақыт өткен болатын. 2017 жылдың күзінен бастап кәсіби мансабында үзіліс алған жамбылдық былғары қолғап шебері арада екі жылға жуық уақыт өткенде рингке көтеріліп отыр.
Ұзақ уақыт бойы үлкен шоуларда бақ сынамаған отандасымыз Уэльс астанасы Кардиффте өткен бокс кешінде ганалық Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасты. Негізі шайқас сегіз раундтық форматқа жоспарланған еді. Жанқоштың шаршы алаңды сезінуі үшін кездесу толық форматта өтсе деген ойдың жетегінде болғанбыз. Солай болса екен деген тілекпен тамашаладық. Алайда бәрі басқаша сипат алды.
Жекпе-жек бастала салысымен ара-қашықтықты дұрыс таңдаған Жанқош әдемі шабуылдар ұйымдастыра білді. Дегенмен бірінші, екінші раундтарда боксшылар барлау жұмыстарын жүргізетіні белгілі. Сондықтан ә дегеннен қос қарсылас көзсіз шабуылға иек артты дей алмаймыз. Екінші үш минуттықта да Жанқош аздаған басымдылыққа иелік етті. Жекпе-жекті өз бақылауында ұстады.
Көптен күткен кездесу екінші раундтан кейін мәресіне жетті. Жарақат алып қалды деген желеумен Джарбенг шайқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша жерлесіміз техникалық нокаутпен жиырма үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Бұл жеңіс жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген жамбылдық боксшы үшін пәлендей пайда әкелген жоқ. Ол кәсіби мансабында үзіліс орнатқанға дейін өз салмағында 144-орында болса, жиырма үшінші кездесуінен соң boxrec.com сайтының рейтингіне 209-орынмен оралды. Әр жеңістен жақсылық күтеміз ғой. Бұл жеңіс те қайырлы, үлкен шайқастардың бастауы болса деген тілегіміз бар.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support