Ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек – Президент

Ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

«Мен Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырдым. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Медицина саласы қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етіп, ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек» , – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Аталған өңірге сапар кезінде Мемлекет басшысы Жамбылдағы туристік салаға қатысты тиісті тапсырмалар берген болатын.

zhambylnews.kz

Comments are closed.

микро займ на карту