Полиция майоры суға кеткен ер адамды құтқарды 

Полиция майоры Қарағанды қаласындағы Фёдоров су қоймасында суға кеткен ер адамды аман алып қалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция аға инспекторы Дастан Азанбаеков інісімен бірге 2 мауысымда жеке көлігімен түскі үзілісте үйіне кетіп бара жатқан уақытта суға батып жатқан адамды көрген. Інісі осы уақытта телефонына видеотүсірілім жасаған.

Полиция қызметкері дереу құтқаруға асыққан, ал інісі «102-ге» қоңырау шалған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер түншыққан ер адамға көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Ер адам жағада балық аулап отырып, артынша суға шомылмақшы болып, аяғы тартылып қалған.

Comments are closed.

микро займ на карту