- Advertisement -

Дмитрий Баландин АҚШ-та өткен жарыста екінші келді 

27

- Advertisement -

АҚШ-тың Индианаполис қаласында өткен FINA Champions Swim Series әлемдік турнирінде қазақстандық Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде турнирдің күміс медалін еншіледі. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковқа ғана есе жіберді.

Чупков пен Баландиннің арасын 1.04 секунд қана бөліп тұр. Қола медаль голландиялық Арно Камминганың еншісінде.

Еске салайық, Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support