- Advertisement -

Химияшылардың Кәсіби күні 20 жылдық мерейтоймен дәл келді

79

- Advertisement -

Химия саласы қызметкерлерінің мерекесі ресми түрде кәсіби мерекелер мәртебесіне ие болғалы бері жыл сайын мамыр айында үзбей аталып өтілумен келеді. Өткен сенбіде Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде өңір химияшылары да өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Бұл күні еңбек ардагерлері мен сала қызметкерлеріне тиісінше құрмет көрсетілді. Салтанатты шараны ашқан «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Мақсұтбек Есенов жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Салада 40 жылдан аса еңбек етіп, үздік еңбек көрсеткішіне қол жеткізген бір топ қызметкерге «Еңбек ардагері» медалі мен «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісі осы шара үстінде табыс етілді. Сондай-ақ сала қызметкерлерінің біразы Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Оны серіктестіктің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров табыс етті.
Ал сала қызметкерлерін төл кәсіби мерекесімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров химия өндірісінсіз адамзат бүгінгі күні даму деңгейіне жете алмайтындығын алға тартып: « Химия кен өндіру, металлургия, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, құрылыс және тамақ өнімдерінің түрлі салаларында сұранысқа ие. Тәуелсіз Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытуға үлес қосқан ардагерлердің еңбектері орасан. Иә, бүгінде Қазақстан аумағында Д.И.Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтері бар. Бұл осы саладағы жұмыстар мен терең ғылыми зерттеулерді одан әрі жемісті жалғастыруға мүмкіндік береді», – деді.
Бұл күні құттықтау лебіздері де көп болды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай, қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, «Жамбыл облыстық кәсіптік одақтары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлдара Нұрымова да ізгі тілектерін жеткізді. Еліміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» компаниясымен етене жұмыс істейтін «Русфосфат», «Алеко Полимер», «СпецХимпродукт-21», «Сэмэкс», «Ремком», «ТаразПроммонтаж», «Прогресс-2», «Ремхим», «Кереге», «Виколекс-Энерджи», «АгроКалибрСервис», «ТаразСпецавтоматика», «Таразэнергоремонт», «Жамбылхимстройинжиниринг», «Имсталькон», «ЭлектростройИнжиниринг», «Руслан», «НурАсыл-Капитал», «ПромАльп», «Муталиев» және өзге де серіктестіктердің өкілдері осы шараның төрінен табылды.
Бұған дейін компанияда еңбек ететін жастар арасында Жастар жылына әрі кәсіби мерекеге орай көңілді тапқырлар клубының ойындары өткен болатын. Жалпы, «Қазфосфат» ЖШС-ында 2011 жылдан бері Жастар кеңесі жұмыс істейді. Аталмыш кеңес компанияда еңбек ететін 35 жасқа дейінгі 2 167 жастың басын қосып отыр. Ал КТК ойынына алты команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салған болатын. Мереке күні жеңімпаз командалар да марапат төрінен орын алды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көпшілік қауымға кәдесый ретінде арнайы шығарылған «Фосфорный путь» жинағы таратылып берілді.

Ерман Әбдиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support