- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі азамат тарға жағдай жасалады

78

- Advertisement -

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар енгізілгені белгілі. Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге арналған сайлау учаскелері орналасқан ғимараттың кіреберістеріне тұтқалар орнатып, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылармен қамтамасыз етуді міндеттейді. Сонымен қатар арнайы жабдықталған орын, яғни бұрыш жасалуы керек. Онда оларға бейімделген форматтағы материалдары бар компьютер, құлақаспаптар, брайль қарпінде сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка және басқа да қажетті құрылғылар қойылатын болады.
Бүгінде облыста жалпы 45 222 мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оларға сайлау күні заң талаптарына сай қандай жағдай жасалуда? Міне, осыны зерделеу үшін облыстық аумақтық сайлау комиссиясы қала және аудандардағы әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда денсаулық жағдайына байланысты қолдауды қажет ететін тұрғындардың дауыс берулеріне қолайлы жағдай жасау мәселесі талқыланды.
– Бүгінде облыстағы 484 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық жағдай жасалуда. Арнайы кабиналар қойылып, бұрыш ашылды. Сайлау учаскелерінде ашылған барлық бұрышқа компьютер, құлаққаптар, үлкейткіштер және тағы басқа да қажетті құрылғылар қойылды. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаулықтар да толығымен таратылды, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мәдиева.
Басқосуда Тараз қаласында орналасқан 117 сайлау учаскесінің де дайындығы туралы сөз болды. Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін инвотаксилердің қозғалыс және дауыс беру кестесі жасалып жатыр. Қалада осындай 8 автокөлік бар, ал аудандарда бір-бірден. Қосымша тағы да көліктер тартылатын болады.

Камила Борашова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support