- Advertisement -

Жаяу патруль жасау режіміне көшті

36

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша облыстық полиция департаменті жаяу патруль жасау режіміне көшті. Департамент басшысы Арман Оразалиевтің айтуынша, бұдан былай ОПД жаяу патрульдеу тәртібіне қылмыстың алдын алу мен ескертудің, сондай-ақ көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық деректеріне жедел әрекет етудің ең тиімді әдістерінің бірі ретінде баса назар аударатын болады.

Аталған жүйе тәртіп сақшыларына оқиғаның  белгілерін және жай-күйін  дер кезінде бағдарлауға, адамдармен тікелей байланыста болуға және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны жеке құрамының 35-40 пайызға жуығы жаяу қызмет атқару түріне көшірілді. Сонымен қатар осындай жұмыс түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қосымша күштері  де тартылған.

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support