- Advertisement -

Балалардың болашағына инвестиция салған кәсіпкер

97

- Advertisement -

Білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, биыл мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылатын 3-6 жастағы жеткіншектердің үлесін 100 пайызға жеткізу көзделген. Бүгінде бұл міндеттеме қалай орындалуда? Сала мамандары жыл ішінде көздеген межеге қол жеткізе ала ма?
Қазіргі кезде бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтудың бірден-бір тиімді жолы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту болып отыр. Бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғарылығының арқасында өңірлерде жекеменшік бөбекжай мен балабақшалар көптеп ашылуда. Осы ауданда соңғы үш жылда 9 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді.
Алғаш 2015 жылы аудан бойынша бір ғана жекеменшік балабақша ашылған болатын. Алдыңғы жылы қос мекеме, былтыр тағы екеуі іске қосылды. Ал биыл олардың қатарын 4 нысан толықтырды. Соның нәтижесінде ауданда мектеп жасына дейінгі балаларды қамту көрсеткіші 98, 1 пайызды құрап отыр.
Қазір ауданда 23 балабақша бар. Оның 14-і – мемлекеттік, қалғаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған. Оларда 2492 бала тәлім-тәрбие алуда. Сондай-ақ мектептер жанынан ашылған 15 шағын орталықта 735 жеткіншек тәрбиеленуде. Бұл жұмыс келешекте де жемісті жалғасын табатын болады. Кейінгі кезде кәсіпкерлер арасындағы осындай нысан салуға ұмтылыс қуантады.
Құлан ауылында өткен жылы желтоқсан айында іске қосылған «Бота» бөбекжайы – жеке кәсіпкер тарту еткен нысанның бірі. Кәсіпкер Гүлжанар Тұғылшиева ауылдағы бұрынғы тойхананы күрделі жөндеуден өткізіп, 140 орындық мекеме ашқан. Бұл мақсатқа 100 миллион теңге жұмсалған. Сонымен қатар 36 жаңа жұмыс орны құрылған. Олардың он төрті – тәрбиеші-педагогтер. Жоғары, орта-арнаулы білімдері бар тәрбиешілердің осы салада тәжірибелері мол.
Бөбекжай меңгерушісі Бақыткүл Өмірбаеваның айтуынша, мұнда тәрбиеленетін әр бүлдіршінге ата-анасы ай сайын 7500 төлесе, ал мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы 29800 теңгені құрайды.

 

Ақылжан МАМЫТ

Т. Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support