Жер шетелдіктерге сатылмайды — Тоқаев 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жері шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!», — деп жазған баспасөз хатшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіріп.

Президент Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде осылай мәлімдеген.

tengrinews.kz

Comments are closed.