- Advertisement -

Қолы ашықтың, жолы ашық

38

- Advertisement -

Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, демеп отырудың маңызы зор. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр.
Жуырда Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тумасы, Шөңгер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы бастауыш мектебінің түлегі, жеке кәсіпкер Қанат Тоқабаев өзі басқаратын мекеме ұжымының атынан төрт көп балалы отбасыға азық-түлік себеттерін табыс етті. Онда ұн, шекер, күріш, макарон, картоп, тәттілер секілді күнделікті қажетті азық-түліктер бар. Сонымен қатар әр отбасының балаларына ойыншықтар мен киімдер сыйлады.
«Қолы ашықтың жолы ашық» демекші, көп балалы отбасылардың мүшелері қайырымды жандарға өз ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты.

Әсем БЕЙСЕНБАЕВА.
Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support