- Advertisement -

Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді 

37

- Advertisement -

Қазақстандық әнші Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2019 жылдың 28 маусымында «Қазақстан» орталық концерт залында талантты жұлдыз Ержан Максимнің концерті өтеді. Ұйымдастырушы — Мәдениет және спорт министрлігі», — деп хабарланды министрліктің брифингі барысында.

Сондай-ақ, концертте Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ринат Гайсин және Айқын Төлепбергеннің өнер көрсететіні белгілі болды.

Мұның алдында продюсер Игорь Крутойдың Ержан Максимді музыкалық академиясына оқуға шақырғаны хабарланған еді.

Оралдық 11 жастағы Ержан Максимнің «Голос. Дети» байқауында 2-орын иеленген болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті — Ержан Максим

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support