Бүгін Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсімі өтті. Осы орайда »Елорда Инфо» бас қалада бой көтеретін жаңа нысанға қатысты мәліметтерді ұсынады.

Дүниежүзілік сауда орталығы ғимараты ЭКСПО қалашығының маңында бой көтереді. Оның биіктігі 350 метрге жуықтайды, ал аумағы 2 гектар шамасында болады деп жоспарланған. Жобаның құны — 200 миллион доллар. Нысанның сәулетші-дизайнері Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон. Зәулім кешен келешекте қала тұрғындары мен шетелдік туристердің сүйікті орнына айналары анық.

Биылғы қаңтарда Елбасына Дүниежүзілік сауда орталығы жобасы таныстырылған болатын. Нью-Йорк, Амстердам, Токио, Сеул мен Дубай сынды қалаларда World Trade Center ғимаратының әлемдік желілері бар. Енді бұл қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан да қосылады.

Бүкіләлемдік сауда орталықтары қауымдастығы — халықаралық, саяси емес ұйым және халықаралық сауда мен инвестицияларды дамытуға ықпал ететін жаһандық брендтердің бірі. WTCA штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан.

Дүниежүзілік сауда орталығы жобасын Халықаралық сауда орталықтары қауымдастығы мен Nest Investments Holdings компаниясы ұсынған. Нысан толықтай шетел инвестициясы есебінен қаржыландырылады. Инвестор — Nest Investments Holdings компаниясы.

Comments are closed.