- Advertisement -

Ержан Максим The World’s Best шоуына қатысуы мүмкін

55

- Advertisement -

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі америкалық The World’s Best 2020 таланттар шоуына Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің брифингі барысында Ержан Максимнің тағы қандай байқауларға қатысатыны жайлы сұрақтар қойылды.

«Министрлік қазір бұл мәселені шешіп жатыр. Биылғы балалар «Евровидениесі» өтіп кетті, енді Ұлыбританияда, Америкада байқаулар өтеді. Осы жылы АҚШ-та өткен The World’s Best шоуына екі қазақстандық қатысты — Данэлия Төлешова мен Димаш Құдайберген. Келесі жылы министрлік ол байқауға  Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады», — деді Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.

Ержан Максим Нұр-Сұлтанда концерт береді

Мұның алдында продюсер Игорь Крутойдың Ержан Максимді музыкалық академиясына оқуға шақырғаны хабарланған еді.

Оралдық 11 жастағы Ержан Максимнің «Голос. Дети» байқауында 2-орын иеленген болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті — Ержан Максим

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support