Cквер қашан жөнделеді?

«Aq jol» газетінің былтырғы жылдың 2 тамызында тілші Альмира Омарованың «25 орындық қайда?» атты мақаласы жарияланған еді. Алайда сын айтылған скверде осы күнге дейін бәрі де бәз баяғы қалпы жатыр. Оның үстіне ондағы соңғы орындық та жұлынып әкетілді. Сонымен, «Тәжібай» базары мен «Дос-Нар» сауда үйіне дейін созылып жатқан сквер бойындағы 26 орындыққа не болды? Солардың бүгінде тек біреуінің бір ғана таяғы қалыпты. Оның өзі адам отырса майысып, сынғалы тұр, негізі ол 3 таяқты болуы керек-тін.
Бұған қоса, осы маңайда Төле би көшесінің №7, №9, №9Б үйлерінің астыңғы қабаттарының бос тұрғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Осындағы №9 үйдің астындағы сауда кешеніне ыңғайластырылған қабат жалға беріледі дегенімен, ешқандай кәсіпкер келмеді. Есесіне күндіз-түні сигнализациясы төңіректегі халықтың мазасын алып бітті. Мүмкіндік болса, бұл ғимараттар жатақханаға айналдырылып немесе басқа да нысанға ыңғайластырылып, әлеуметтің әжетіне жаратылса деген ұсынысым бар. Өйткені сквер болса да бұл жер демалыс орны емес, «демалмайтындардың» орнына айналғанына қашан?!

Анарбек КЕБЕЕВ,
зейнеткер.

Comments are closed.

микро займ на карту