- Advertisement -

Жасөркендегі жасөспірімдер аламаны

36

- Advertisement -

Жасөркен ауылында грек-рим күресінен 2003-2007 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Сейітқасым Тұралыұлын еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған 12 салмақ бойынша 200-ден астам спортшы қатысты.
Додаға КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Үдербаев, грек-рим күресінен жастар арасындағы Олимпиада чемпионы Жәнібек Қандыбаев та шәкірттерін бастап әкелген екен. Жарыстың финалында 25 келі салмақ дәрежесіндегі тараздық Мәди Асан мен Елнұр Орынтай белдесіп, бәсеке соңғысының жеңісімен аяқталды. Чемпиондыққа талас жолында 28 келі салмақтағы тараздық Ерасыл Балғабай сарысулық Ердәулет Көпбайдан, 32 келідегі байзақтық Иманғали Кәрібай тараздық Ерсұлтан Балғабайдан, 35 келідегі тараздық Арнат Жарылқасын өзінің жерлесі Аян Махамбетәліден, 38 келідей байзақтық Азамат Қошан тараздық Жомарт Әбдіғанидан басым түсті. 41 келі салмақтағы жасөркендік Дастан Нартай шымкенттік Ерасыл Жұпарбекті таза жеңсе, 44 келідегі байзақтық Қуаныш Ералиев жасөркендік Әбдірахым Балабекті ұтты. 48 келіде топқа түскен тараздық Нұрдәулет Ахметті жеңген байзақтық Бекнұр Оразбекке, 51 келідегі тараздық Даниял Ибаділданы ұтқан шымкенттік Нұрболсын Қуандықовқа қарсылас шақ келмеді. 57 келідегі шымкенттік Тимур Тұрсынбай да тараздық Нұрасыл Аманәліден, 63 келідегі тараздық Бағлан Қыдыр байзақтық Жанасыл Нарықбайдан финалда басым түсті. Өзге салмақтарда да мықтылар анықталды.
Турнирді кәсіпкер Жолдыбек Тұралиев (майдангердің баласы), спорт жанашыры Әзімбек Тілешов, Жасөркендегі М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры Ербол Сағындықов қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медаль, диплом және заттай сыйлықтармен марапаттады.

 

Есет ДОСАЛЫ

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support