- Advertisement -

Сайлау-2019: Әміржан Қосанов сайлауалды тұғырнамасын жария етті

29

- Advertisement -

Сайлау-2019: Әміржан Қосанов сайлауалды тұғырнамасын жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат —  ҚР Президенттігіне кандидат Әміржан Қосанов өзінің сайлауалды тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әміржан Қосановтың сайлауалды тұғырнамасы: «Саяси бостандықтар», «Ұлттық болмыс», «Сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі тәуелсіздік», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Өркениетті әрі халықшыл экономика», «Бақуатты аймақтар — бақуатты мемлекет» атты 6 бөлімнен тұрады.

Онда кандидаттың сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, мемлекет өмірінде қандай өзгерістер болып, еліміздің қай бағытпен дамитыны туралы жоспарлары қамтылған.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.

Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support