- Advertisement -

Әлеумет тік қолдау жүйесінің әлеуеті

29

- Advertisement -

немесе жәрдемақылардың тағайындалу жайы қалай?

Ауылдағы ағайынның, шалғайдағы шағын қалалардың жай-күйі биліктің төрт тарапының да назарынан тыс қалған емес. Сондағы алаңдататын жайт – мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін қолдаулар көпшілікке қолжетімді ме? Әлеуметтік қолдау жүйесінің көмегін әлеумет сезініп отыр ма? Жұрттың жағдайын біліп, кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіпті дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысу үшін Мәжіліс депутаты Петр Шарапаев Сарысу ауданына арнайы барды.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен жергілікті тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдауға халық қалаулылары әрқашан дайын. Парламент Мәжілісінің депутаты Петр Шарапаев облысымызға жасаған жұмыс сапарының аясында аудандағы әлеуметтік мәселелердің жай-күйімен танысып, бірқатар нысандарды аралап көрді. Халық қалаулысы аудандағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған жобалық офисінің жұмысымен танысып, мәслихат депутаттарымен жүздесті.
Кездесуде көкейде жүрген көптеген мәселелер талқыланды. Тұрғындарды толғандырған сұрақтардың жауабы да осы басқосуда айтылды. Парламент Мәжілісінің депутаты Петр Шарапаев аудандық жұмыспен қамту орталығына арнайы атбасын бұрды. Танысқысы келген жайт – бүгінде өзекті мәселеге айналған әлеуметтік жәрдемақылардың тағайындалу жайы. Осыған қатысты біраз ақпараттарға қаныққан депутат аудандағы екі бірдей алып тау-кен орындарына барып, жай-күйін көрді.
Халықтың әлеуметтік жағдайы, ел ішіндегі қолға алынып отырған игі істер мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы бастамалардың барысымен танысу мақсатында Жуалы ауданына барған Мәжіліс депутаты Мансұрхан Махамбетовті аудан әкімі Нарбай Ергебеков және аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков Халыққа қызмет көрсету орталығына бастап барды.
Парламент Мәжілісінің депутаты М.Махамбетов мекеме жұмысымен таныса отырып, жұмыс барысында туындайтын кейбір проблемаларға да назар аударды. Мәжіліс депутаты «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-ның тыныс-тіршілігімен де танысты.
Мансұрхан Махамбетов даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішінде және мемориалдық музейінде болып, батырдың рухы мен ерлігіне тағзым жасады. Сонымен бірге облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының жұмысымен танысып, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша курста оқып жатқан азаматтармен кездесті.
Облысымызға келген жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданына барған халық қалаулыларын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық мәслихаттың хатшысы Рүстем Бегалиев бірқатар нысандарға бастап барып, шағын және орта кәсіпорындардың, оқу орындарының жай-күйімен таныстырды.
Мәжіліс депутаттары Серік Құсайынов, Мансұрхан Махамбетов, Петр Шарапаев алдымен Қаратөбе ауылдық округінің аумағына орналасқан «БиномСтройДеталь» ЖШС тұрғын үй комбинатына барды.
«Жаңа Кемер құрылыс» ЖШС жеміс-жидек сақтайтын мұздатқыш қоймасының жұмысымен де танысты. Былтыр ғана іске қосылған қойма 5000 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін (2000 тонна жеміс-жидек және 3000 тонна көкөніс) сақтауға негізделген. Қазір мұнда 27 адам жұмыс істеуде. Ал қоймада 160 тонна алма сақталып тұр.
Депутаттардың назарына іліккен тағы быр нысан – «КазУпакТрейд» ЖШС-ның құрылыс гипсін өндіретін зауыты. Жалпы 10 гектар аумаққа орналасқан зауыт күніне 500 тонна гипс шығарады. 50 адам жұмыс істейтін кәсіпорын газбен, сумен, электрмен толық қамтылған.
Халық қалаулылары аудан орталығында орналасқан, бүгінгі таңда 967 оқушы білім алып жатқан Ю.Гагарин атындағы орта мектепке атбасын бұрып, ІТ технологиясымен жабдықталған жаңа сыныпты көрді. Заманауи технологияның құлағында ойнайтын жеткіншектердің қарым-қабілеттеріне қарап, риза болды. Бұдан кейін аудандық Жастар ресурстық орталығына барып, аудан жастарымен кездескен депутаттар жас буынмен еркін әңгімелесті. Ауылда ойы ұшқыр, сөзі өткір жастар бар. Солардың сапалы білім алуына жағдай жасалса, болашағымыз жарқын болары анық.

Дариха Үмбетиярова,
Нұржан Манасұлы,
Дүйсенбек ОРМАНОВ,
Сарысу, Жуалы,
Жамбыл аудандары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support