- Advertisement -

Кандидат ты қолдау бойынша қоғамдық штаб құрылды

55

- Advertisement -

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында өткен брифингте өңірде съезд шешімімен Қазақстан Республикасы президенттігіне ұсынылған кандидатты қолдау бойынша облыстық қоғамдық штаб құрылғаны мәлім болды. Жергілікті ақпарат құралдарының өкілдеріне арнайы мәлімет берген аталған штабтың төрағасы Шәбден Тілеумұрат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб жалпы өңір бойынша жұмыс жүргізетінін айтып өтті. Штаб төрағасының үш орынбасары бар. Олар – партия Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры Мұқаш Ескендіров, партия Тараз қалалық Саяси кеңесінің мүшесі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың проректоры Асқар Абдуалы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімов. Осы топ заң талаптарына сәйкес 11 мамыр күні кешкі сағат 18.01-де үгіт-насихат жұмыстары басталғанда президенттікке партия атынан ұсынылған кандидатқа қолдау көрсету, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізеді. – Қоғамдық штаб құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлер, партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ филиал қызметкерлерінен құралған 73 адам бар. Олардың 31-сі – облыстық қоғамдық штаб құрамындағы сенімді өкілдер, 32-сі – қоғамдық штабтың аппараты және 10 – «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі. Сайлау науқанына жан-жақты әзірлік жасау, үміткердің сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру жөніндегі үгіт шараларын жүргізу, сенімді өкілдер мен белсенділердің жұмысын үйлестіру – штабтың негізгі міндеті. Елдегі билік транзиті, алдағы президенттік сайлау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі мәні зор тарихи оқиға. Осы саяси науқан кезінде партия атынан ұсынылған үміткерге қолдау көрсету мақсатында республикалық қоғамдық штаб құрылды. Оған өңірімізден ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбеков және партияның Саяси кеңесінің мүшесі Зүлфия Ғабидуллина кіріп отыр. Ал бізде 1 облыстық, 1 Тараз қалалық және 10 аудандық қоғамдық штаб құрылды. Барлық штабтарда қамтылған адам саны – 458. Өңірлік штабта 73 адам бар, оның 32-сі штабтың аппаратында, – деді Шәбден Тоқтасынұлы.
Өңірлік штаб төрағасының айтуынша, нақты жұмыс жоспары жасалған. Бірінші кезекте сайлау туралы Конституциялық заңның талабына сәйкес облыс бойынша 968 сенім білдірілген өкіл бекітілген. Бәрі тіркеуден өтіп, куәліктерін алған. Штаб мүшелері мен сенім білдірілген өкілдер партия ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдаушылардан қол жинауда жоғары белсенділік көрсетіп, 18893 қол жиналып, сайлау комиссиясына тапсырылды. Қол жинау парақшасындағы барлық қол заң талабына сай деп танылды. Бұл «Nur Otan» партиясы атынан ұсынып отырған кандидатқа деген қолдаудың жоғары екенін көрсетеді.
Мәліметке сүйенсек, қол жинауға облыс бойынша 205 елді мекен қамтылған. Бұл – өңірдегі елді мекендердің 55 пайызы. «Бізге 186 мүмкіндігі шектеулі азамат қолдау көрсетіп, қол қойғанын да атап өткен жөн. Әсіресе «Асар» облыстық мүгедектер ұйымының одағы, заңды тұлғалар бірлестігінің белсенділігі жоғары болды. Заңға сәйкес үгіт-насихат жұмыстары 11 мамыр күні кешкі сағат 18.01-де басталады. Осы кезеңде мобильді үгіт топтары үгіт материалдарын тарату мен «Есіктен – есікке» акциясын ұйымдастырады. Біз сайлау кезінде осы ресурстардың бәрін іске қосып, науқанға тиімді пайдалана білуіміз керек. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге, қазіргі таңдағы ең жедел де ауқымды сала болып отырған әлеуметтік желілер мүмкіндігін барынша тиімді пайдалануға күш салатын боламыз. «Nur Otan» партиясы алда өтетін президент сайлауына дайын. Біз бұл науқанда алға қойған мақсатқа жетеміз, – деді штаб төрағасы Шәбден Тоқтасынұлы.
Жиында белгілі болғаны – Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдауға арналған штабтар Тараз қаласында және барлық аудандарда құрылған екен. Облыстық қоғамдық штаб сайлау науқанын қолданыстағы заңнама аясында жоғары деңгейде өтуіне күш салмақ.

Ерман Әбдиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support