- Advertisement -

Инвестициялар игілігі

25

- Advertisement -

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі қорға салынған инвестициялардың көлемі бағалау есебімен 37501 миллион теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіге қарағанда біршама көп немесе 110 пайыздық көрсеткішке қол жеткен. Өңіріміз бойынша негізгі қорға салынған инвестициялардың үлес салмағы жалпы республикалық көлемнің 1,8 пайызын құрап отыр.
Инвестициялардың технологиялық құрылымын-дағы жалпы үлестік мөлшерлеме құрылыс және ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстарында – 60,4, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар сатып алуда – 30,2, басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар бойынша 9,4 пайыз болып қалыптасқан.
Негізгі қорға салынған инвестициялардың басым бөлігі 27318,9 миллион теңгесі (яғни 72,8 пайызы) шаруашылық субъектілерінің жеке қаржылары, ал 6921,4 миллион теңгесі (18,5 пайызы) бюджеттік қаражаттар болып табылады.
Пайдалану бағыттары бойынша негізгі қорға салынған инвестициялардың 42,4 пайызы өнеркәсіп саласына жұмсалған. Тұрғын жай құрылысына 9368 миллион теңге көлемінде инвестиция бағытталған, өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіге қарағанда оның көлемі 26,2 пайызға көбейгені байқалуда. Жалпы игерілген инвестициялардың 25 пайызы тұрғын жай құрылысының үлесіне тиді.
Инвестиялардың игілігін ел көріп отырғандығының бір жарқын мысалы, міне, осындай.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support