- Advertisement -

«Еңбек» бағдарламасының екінші кезеңі

40

- Advertisement -

қалай жүзеге асырылуда?

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Еңбек нарығы тиімділігін қамтамасыз етудің, әрбір адамға өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасау маңызды. …Экономикалық өсу резерві өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар болып табылатынын ескеру қажет» деп атап өткені белгілі. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының осы орайдағы мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған кезекті баспасөз мәслихаты аталған бағдарламаның өңірімізде жүзеге асырылу жай-күйін талдауға арналды. Оған қатысқан облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аманов, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанел Ілиясова, «Атамекен-Тараз» ЖШС микроқаржы ұйымының директоры Самат Қосалиев, «Казагрогарант» АҚ облыстық филиалының директоры Әділет Қалабаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ахмедияр Айтбаев және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы несие бөлімінің басшысы Бауыржан Тәжібаев тақырып аясында өздерінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жалпы бұл бағдарламаның екінші – шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде шағын несие беру бағыты бүгінде азаматтардың айрықша қызығушылығын туындатып, ертеңгі күнге деген сенімін еселей түсуде. Себебі онда бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу мәселелері де қарастырылған.
Былтыр облысымызда бағдарламаның осы екінші бағыты бойынша 1003 адам шағын несие алып, өзін-өзі жұмыспен қамтыпты. Бұл мақсатқа бөлінген 4 111,0 миллион теңге несие қаражаты да толықтай игерілген. Ал ағымдағы жылы аталған бағыт бойынша республикалық бюджеттен 4 111,0 миллион теңге бөлініп, 1020 адамға несие беру көзделуде.
Бүгінгі күні бағдарламаға бөлінген шағын несие қаражаты қаржы институттарына толығымен берілген. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на 2 миллиард 466,6 миллион теңге, ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалы 1 644,4 миллион теңге қаражат алып отыр. Сонымен қатар ағымдағы жылға республикалық бюджеттен қосымша 1 миллиард теңге қарастырылуда.
Өткен жылы «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 1745 адам кәсіп ашудың қыр-сырын үйренсе, биыл 1200 адам оқытылатын болады. Сондай-ақ басқосу барысында облыстық кәсіпкерлер палатасы мен өңірдегі қаржы институттарының өкілдері «Еңбек» бағдарламасы аясында қаржы беру тетіктері мен шағын несие алуға қажетті құжаттар бойынша хабарламаларымен бөлісті.

Баймаханбет Ахмет

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support