- Advertisement -

«Шахристан» шаһардың тарихи-рухани орталығына айналады

93

- Advertisement -

Қазір қаланың бұл аумағы адам танымастай өзгерген. Алдағы уақытта шаһардың «Шахристан» кешенінде жаңа нысандар бой көтеріп, шырайы бұдан да ажарлана түспек. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов өңір басшысына осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін баяндады.Жиында «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс жұмыстарына қатысты мәселелер қаралды. Енді едәуір көлемді алып жатқан аумақта алдағы уақытта көркем сурет галереясы, өлкетану музейі, көрме және руханият орталығы, арбат, қолөнер шеберханасы, амфитеатр және көлемді сағат стелласы сияқты бірнеше нысан бой көтереді. Құрылыс жұмыстары осы 25 мамырда басталғалы отыр.
Жаңа тарихи-мәдени кешенге қатысты жұмыстардың барлығы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бақылауында. Өңір басшысы кешен жоспарын аса мұқияттылықпен қарап, онда келетін тұрғындар мен қонақтар үшін барлық жайлы жағдай жасалу керектігін ескертті. Сол аумақтағы көлік қозғалысы, ғимараттардың эскиздік үлгісі, көшелердің тұйықталар тұстарын реттеу және тағы басқа мәселелер де назардан тыс қалмауы керек. Өңір басшысының қойып отырған тағы бір басты талабы – ондағы бой көтеретін барлық ғимараттар мен нысандар тарихи шаһардың келбетін айшықтап тұруы тиіс.
Жобалар құрылысына «Самарқанд» технологиясымен дайындалған арнайы қыш кірпіштер қолданылмақ. Бүгінде мұндай кірпіштерді өндіру еліміз бойынша алғаш рет біздің өңірде қолға алынып отыр. Биыл облыстың 80 жылдығы аталып өтілетінін назарға алған Асқар Исабекұлы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы атқаруға жіті мән беруді тапсырды. Кешен құрылысының қараша айына дейін аяқталуы керектігін ескертті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support