- Advertisement -

ҚАДІРІ БИІК ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН

78

- Advertisement -

Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Рух пен жүрек тазарып, кемелденеді. Жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдардың сауабы да көп болмақ. Сондықтан бұл айда әркім жақсылық жасауға асығары сөзсіз. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл және Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Бұл айда рухани кештер ұйымдастырылып, ауызашар дастархандары жайылатын болады. Ал Қадір түніне арнайы бағдарламалар жасау, айт мерекесін ұлттық нақышта өткізу жоспарланған. Сондай-ақ ораза айт мерекесінің құрметіне орай қоғамдық көлікте тегін жүру науқанын ұйымдастыру да назардан тыс қалмаған екен.

 

«AQ JOL» АҚПАРАТ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support