- Advertisement -

Таразда «Маячок» жедел алдын алу шарасы өтті

62

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сай облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің бастамасымен облыс аумағында жол ережелерін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында «Маячок» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Жыл басынан бері төртінші рет өткізіліп отырған шараға Тараз қаласы полиция басқармасының жол-патрульдік полиция батальоны және өртке қарсы қызмет, жедел жәрдем қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Маячок» жедел-алдын алу іс-шарасында небәрі үш сағаттың ішінде 7 көлік жүргізушісі арнайы жарық және дыбыс сигналдары қосылған жедел және арнайы қызметтердің көліктеріне жол бермегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті жүргізушілерге тәртіп сақтауға, заңды бұзбауға, сондай-ақ, жедел жәрдем қызметінің арнайы көліктеріне, полицейлерге, өрт сөндірушілерге, төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да жедел қызмет өкілдеріне өз жұмысын орындауға кедергі келтірмеуді ескертті.

Арнайы қызметтердің көліктеріне жол беру жөніндегі талапты барлық жүргізушілер мүлтіксіз орындауы тиіс.

 

«Aq jol» ақпарат.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support