- Advertisement -

Теңіз шекарашылары 600 миллион теңгеден аса шығынның алдын алды 

55

- Advertisement -

Фото: РИА Новости

Қазақстандық теңіз шекарашылары өткен демалыс күндері мемлекетке келтірілер 616 675 000 теңге шығынның алдын алды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстанның теңіз шекарасын күзету барысында әртүрлі ау мен құрал тәркіленген.

«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының кемелері сенбіде Каспий теңізінен 12500 метр ау, 7500 дана ілмекті аулау құралдарын, 15 000 метр колада тауып, 695 келі бекіре тұқымдас балықтарды тірідей құтқарды. Ал жексенбі күні 46 900 метр ау, 9250 дана ілмекті балық аулау құралдарын алынып, 175 келі бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді», — деді шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Осылайша, сенбіде теңіз шекарашылары мемлекетке келтірілуі ықтимал болған 441 187 500 теңге, ал жексенбіде 175 487 500 теңге шығынның алдын алды.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support